
2026 жылғы 9 маусымда аудан әкімдігінің мәжіліс залында Жетісу облысы ауыл шаруашылығы басқармасының ұйымдастыруымен «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында кеңейтілген жиын өтті.
Жиынға Кербұлақ ауданы әкімінің орынбасары Жолжанов Дәурен Бақтұрұлы төрағалық етті.
🎯 Кездесудің негізгі мақсаты – «Ауыл аманаты» бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражатты тиімді игеру, кооперация және қайта өңдеу бағыттарын дамыту, сондай-ақ 2026 жылға арналған бағдарлама шарттары мен қажетті құжаттар тізбесін түсіндіру.
🤝 Жиынға:
🔹 «AMANAT» партиясы Жобалық кеңсесінің Жетісу облысы бойынша ауыл шаруашылығы кооперативтерін үйлестірушісі Жұмаш Арыстанбек Болатханұлы;
🔹 Жетісу облысы Кәсіпкерлер палатасының шағын кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің басшысы Мұсахан Бекмұрат Бесетайұлы;
🔹 Ауылдық округ әкімдері мен аудан тұрғындары қатысты.
📋 Күн тәртібінде:
✅ «Ауыл аманаты» бағдарламасының шарттары;
✅ 2026 жылы тапсырылатын құжаттар тізбесі;
✅ Ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру тәртібі;
✅ Жеке тұлғалардың бағдарламаға қатысу мүмкіндіктері мәселелері қаралды.
💬 Тұрғындардың сұрақтарына жауаптар беріліп, бағдарлама бойынша жан-жақты ақпарат ұсынылды.