Кербұлақ ауданында Балаларды қорғау күні кең көлемде аталып өтті

Кербұлақ ауданында Балаларды қорғау күні кең көлемде аталып өтті

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Сарыөзек ауылындағы Орталық стадионда «Бақытты балалық үшін» республикалық акциясы аясында аудандық мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Мерекелік шараға аудан тұрғындары, ата-аналар мен балалар қатысып, бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл-күй сыйланды. Іс-шара барысында аудан әкімі Жанат Төлегенұлы Жүнісбеков құттықтау сөз сөйлеп, жас ұрпаққа ізгі тілегін жеткізді.

Бағдарлама аясында спорттық жарыстар, қазақ күресі, арқан тарту сайыстары өткізіліп, жас спортшылар дзюдо, самбо және шинкиокушинкай каратэ өнерінен шеберлік көрсетілімдерін ұсынды. Сонымен қатар Өнер мектебінің тәрбиеленушілері ән мен биден концерттік бағдарлама ұсынып, халықаралық және республикалық байқаулардың жеңімпаздары өз өнерлерін паш етті.

Мерекенің көркін заманауи роботтар шоуы толықтырып, балаларға ерекше әсер сыйлады.

Балалардың қуанышты күлкісі мен шаттыққа толы көңіл күйі мерекенің басты көрінісіне айналды. Ұйымдастырылған шара өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына, олардың шығармашылық және спорттық қабілеттерін қолдауға бағытталды.