
📍2026 жылдың 18 мамыр күні Кербұлақ ауданының әкімі Жүнісбеков Жанат Төлегенұлының төрағалығымен әкімдік отырысы өтті.
Отырысқа аудандық мәслихат төрағасы, мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес пен ақсақалдар алқасының төрағалары, ауылдық округ әкімдері, бөлім және мекеме басшылары, сондай-ақ мәдениет және спорт нысандарының директорлары қатысты.
📌 Күн тәртібінде:
▪️ 2026 жылдың І тоқсанындағы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары;
▪️ Мәдени және спорттық іс-шараларға бөлінген қаражаттың тиімді әрі мақсатты пайдаланылуы;
▪️ Әлеуметтік көмек көрсету және «Д», «Е» санатындағы отбасылармен жүргізілген жұмыстар қаралды.
💬 Жиын барысында ауыз су, газдандыру, санитарлық тазалық, интернет сапасы, жол жөндеу, жұмыспен қамту, білім беру, медицина және әлеуметтік қолдау бағыттарындағы өзекті мәселелер талқыланды.
✅ Аудан әкімі жауапты бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне:
🔹 елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын күшейтуді;
🔹 табиғи газға қосылу көрсеткішін арттыруды;
🔹 жол жөндеу жұмыстарының сапалы әрі уақытылы аяқталуын;
🔹 жаңа жұмыс орындарын ашуды;
🔹 білім сапасын арттыруды, оқушылардың жазғы демалыс кезеңіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз етуді;
🔹 инвестиция тарту және құрылыс нысандарын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.
📎 Жиын қорытындысында берілген тапсырмаларды сапалы әрі мерзімінде орындау барлық жауапты мекемелер мен сала басшыларына міндеттелді. Атқарылатын жұмыстар аудан әкімінің тұрақты бақылауында.