«Сарбазға прокурорлық кеңес» республикалық профилактикалық іс-шарасы

«Сарбазға прокурорлық кеңес»  республикалық профилактикалық іс-шарасы

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында 12740 және 29108 әскери бөлімдерінде Сарыөзек гарнизонының әскери прокуроры Ж.А.Аекенов, сондай-ақ прокуратура органдарының ардагерлері А.К.Мұхаметсадықов және С.Қ.Қайсаровпен мерзімді әскери қызметшілермен кездесуі өтті.

Іс-шара «Сарбазға прокурорлық кеңес» республикалық акциясы аясында ұйымдастырылып, «Заң және тәртіп» конституциялық қағидатын ілгерілетуге, жеке құрамның құқықтық сауаттылығын арттыруға, әскери тәртіпті нығайтуға және жастар арасында патриотизмді қалыптастыруға бағытталды.

Кездесу барысында әскери прокурор әскери қызмет туралы заңнаманың талаптарын түсіндіріп, әскери қызметшілердің құқықтары мен міндеттеріне, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударды.

Ардагерлер өздерінің кәсіби және өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, әскери борышты адал орындаудың, тәртіпті сақтаудың, Антқа адал болудың және әрбір әскери қызметшінің жеке жауапкершілігінің маңыздылығын атап өтті.

Ашық диалог форматында әскери қызметшілер қызмет өткеру, әлеуметтік кепілдіктер және құқықтық қорғау мәселелері бойынша өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

Іс-шара қорытындысы бойынша қызметінде оң нәтижелерге қол жеткізген жекелеген әскери қызметшілер әскери прокурордың грамоталарымен марапатталды.

Кездесу соңында қатысушыларға құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша іске асырылып жатқан заманауи шаралар, мониторингтің цифрлық сервистері және кері байланыс арналарының жұмысы, оның ішінде әскери қызметшілер мен олардың туыстарының өтініштеріне арналған «жедел желі» таныстырылды. Қонақтар сондай-ақ қызмет өткеру жағдайларымен танысып, соңында естелік суретке түсті.

 

 

Сарыөзек гарнизонының

әскери прокуратурасы