
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Кербұлақ ауданында, аудан әкімдігі алаңында мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты жиынға аудан тұрғындары мен қонақтары кеңінен қатысты.
Мерекелік шара барысында аудан әкімінің орынбасары Аденов Нұрлан Бақтыбайұлы сөз сөйлеп, еліміздің болашағы бірлік пен татулыққа негізделгенін атап өтті.
Іс-шарада Ә. Сарыбаев атындағы мәдениет үйінің өнерпаздары ән орындап, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Сонымен қатар, аудан мектептері түрлі қойылымдар қойып, өз өнерлерін паш етті.