Аудан әкімі Жанат Төлегенұлы Жүнісбеков 2026 жылдың 31 наурызында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Аудан әкімі Жанат Төлегенұлы Жүнісбеков 2026 жылдың 31 наурызында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Аудан әкімі Жанат Төлегенұлы Жүнісбеков 2026 жылдың 31 наурызында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қабылдауға 17 азамат жазылған. Азаматтардың басым бөлігі мемлекеттік тұрғын үй салу, тұрғын үй қорынан үй алу, коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік, жер, сонымен қатар аудандық орталық саябақ мәселесімен жүгінді. Оған қатысты қолданыстағы заңнамалар бойынша түсіндірулер жүргізіліп, тұрмыс-жағдайы ауыр әрі  үйге мұқтаж отбасыларына заң аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, аталған мәселелер бойынша тиісті шараларды қарастыру жауапты бөлімдерге тапсырылды. Қабылдауға келушілер тарапынан айтылған мәселелердің барлығы бақылауға алынып, олардың шешіміне қатысты нақты тапсырмалар берілді.