
Ауданда нашақорлықтың профилактикасы және есірткі қылмыскерлігіне қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі штаб төрағасының төрағалығымен аталған штабтың отырысы өтті.
Отырыста нашақорлықтың алдын алу бағытында 2026 жылдың 1 тоқсанда атқарылған профилактикалық іс-шаралардың нәтижелері талқыланып, 2026 жылғы 25 мамыр мен 30 маусым аралығында өтетін Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған айлық аясындағы іс- шараларды ұйымдастыру мәселелері қаралды.
Нашақорлық пен есірткі бизнесінің алдын алу және оған қарсы іс-қимыл жөніндегі атқарылған жұмыстар туралы баяндалып, аудан аумағында жүргізіліп жатқан профилактикалық шаралар, жастар арасында түсіндіру жұмыстары, құқық қорғау органдарымен бірлескен іс-шаралар және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстар талқыланды. Сонымен қатар, есірткіге қарсы мәдениетті қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау және бұл бағыттағы мекемелердің өзара іс-қимылын күшейту мәселелеріне назар аударылды.