Кербұлақ ауданында Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік іс-шара өтті

Кербұлақ ауданында Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік іс-шара өтті

Кербұлақ ауданында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай салтанатты мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік жиынға ауданның ардақты аналары, түрлі салада еңбек етіп жүрген әйел азаматтар мен аудан тұрғындары қатысты.

Іс-шара барысында Кербұлақ ауданының әкімі Жанат Төлегенұлы Жүнісбеков жиналған қауымды көктемнің шуақты мерекесімен құттықтап, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген аналарға ризашылығын білдірді. Өз сөзінде аудан әкімі әйелдердің қоғамдағы орны ерекше екенін атап өтіп, олардың отбасы берекесі мен ұрпақ тәрбиесіндегі маңызды рөліне тоқталды.

Мерекелік шара аясында ауданның дамуына қосқан үлесі үшін бірқатар аналар мен түрлі салада еңбек етіп жүрген әйелдерге аудан әкімінің Алғыс хаттары мен бағалы сыйлықтары табысталды.

Салтанатты кеш Ә. Сарыбаев атындағы мәдениет үйінің өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Өнерпаздар әсем ән мен би тарту етіп, мерекелік шараға жиналған қауымға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.