
1989 жылдың 15 ақпанында Ауғанстан жерінен Кеңес әскерлерінің толық шығарылуы аяқталып, бұл күн тарихта маңызды белес ретінде қалды. Биыл осы тарихи оқиғаға 37 жыл толуына орай Кербұлақ ауданында Ауған соғысы ардагерлерін еске алуға арналған іс-шара өтті.
Іс-шара барысында ардагерлер құрметіне гүл шоқтарын қою рәсімі ұйымдастырылып, қаза тапқан жауынгерлерді еске алу үшін бір минут үнсіздік жарияланды.
Салтанатты жиын Ә. Сарыбаев атындағы мәдениет үйі ғимаратында жалғасып, концерттік бағдарлама ұсынылды.
Шараға Ауған соғысының ардагерлері, мектеп оқушылары мен жастар, сондай-ақ әскери гарнизонның әскери қызметшілері қатысты.