
Құрметті Кербұлақ ауданының сайлаушылары!
Сіздерді 5 ақпан — Дүниежүзілік сайлау күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Дүниежүзілік сайлау күні азаматтардың сайлау мәдениетін арттыруға, құқықтық сауаттылығын нығайтуға және қоғамдағы сенімді күшейтуге ықпал етеді. Сайлау – азаматтардың өз еркін білдіруінің, ел болашағына жауапкершілікпен қарауының айқын көрінісі. Әрбір берілген дауыс – ел дамуына қосылған маңызды үлес. Осы орайда өздеріңізге белгілі 2026 жылдың 18 қаңтар күні Кербұлақ ауданы әкімінің сайлауы өтті. Бұл сайлау Кербұлақ ауданының бір мақсат, ортақ мүдде жолында біріге алатын ынтымақты әрі жауапты екенінің көрінісі болды. Ауданымыздың сайлаушылары ауданның болашағына бейжай қарамай, бірлік пен тұрақтылықты ту ете білді.
Осындай сайлау науқандарында Кербұлақ ауданында сайлаудың заңдылық, ашықтық және әділдік қағидаттарына сай өтуін қамтамасыз ету жолында адал әрі жауапты еңбек етіп жүрген учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерінің еңбегі зор. Сіздердің кәсіби біліктіліктеріңіз, жоғары жауапкершіліктеріңіз бен азаматтық ұстанымдарыңыз сайлау процесінің сапалы ұйымдастырылуына, халықтың сайлауға деген сенімінің нығаюына зор үлес қосып келеді. Осы атаулы мерекеде баршаңызға зор денсаулық, еңбектеріңізге толағай табыс, отбасыларыңызға амандық тілейміз. Ауданымыз өсіп өркендей берсін!
Құрметпен, Кербұлақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясы