
2026 жылғы 18 қаңтарда Кербұлақ ауданы активінің жиналысы өтті. Кербұлақ ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Күляйза Шакарова сайланған әкім Жанат Төлегенұлы Жүнісбековке куәлік табыс етті. Кербұлақ ауданы тұрғындарының тікелей сайлауы нәтижесінде әкім лауазымына сайланған Жанат Төлегенұлы Жүнісбеков 2026 жылғы 21 қаңтардан бастап өз міндеттерін ресми түрде атқара бастады.
Жанат Жүнісбеков 1984 жылы 28 қарашада Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылында дүниеге келген.
Әр жылдары «Каспи Банк» АҚ-ның кредиттік эксперті, "Фастэкс" ЖШС-нің директоры болды. 2011 жылы мемлекеттік қызметке ауысты.
Көксу ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру, мемлекеттік құқықтық және кадр жұмысы жөніндегі бөлімінің бас маман-заңгері, Алматы облысының жер қатынастары басқармасының бөлім басшысы, Көксу ауданының мамандырылған бөлімдерінің басшысы болып жұмыс істеді.
Алматы облысы Балқаш ауданы әкімінің аппарат басшысы және аудан әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды
2022 жылдың қараша айынан бастап осы уақытқа дейін Кербұлақ ауданы әкімінің орынбасары лауазымында болды.
"АMANAT" партиясы ұсынған.
Кербұлақ ауданының
аумақтық сайлау комиссиясы