
11 желтоқсан күні Кербұлақ аудан әкімінің міндетін атқарушы Жүнісбеков Жанат Төлегенұлы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқан азаматтарды арнайы қабылдады. Кездесу барысында ерлік пен елдік танытқан желтоқсаншыларға Алғыс хаттар табысталып, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Желтоқсан қаһармандарының тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық ерлігі — бүгінгі ұрпақ үшін тәрбие мен тағылымның өшпес үлгісі.
”Бұл — ауданымыздың әлеуметтік-рухани дамуы үшін, әсіресе жас ұрпақ пен оқушыларға отансүйгіштік рух беретін тарихи оқиға.”
Кездесу барысында желтоқсаншылар сол бір ауыр да тағдырлы күндерден естеліктерімен бөлісіп, Тәуелсіздік күніне орай ақжарма тілектерін жеткізді. Іс-шара соңында қатысушылар жас ұрпақтың ел тарихын ұмытпай, тәуелсіздіктің қадірін терең түсінуі маңызды екенін атап өтті.