САРЫБАСТАУ АУЫЛЫНДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН КЕЙІНГІ МЕКТЕПТІҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ

САРЫБАСТАУ АУЫЛЫНДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН КЕЙІНГІ МЕКТЕПТІҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ
Сарыбастау орта мектебі 1979 жылдан бері жөндеу көрмеген болатын. Биыл "Жұмыспен қамту жол картасы -2020" бағдарламасы аясында мектеп күрделі жөндеуден өтті. Жоба құны 467 млн теңгені құрады. Мектеп 640 оқушыға арналған. Қазіргы уақытта мектепте 153 оқушы білім алып, 39 мұғалім жұмыс істеуде. Сонымен қатар, мектепке дейінгі даярлық сыныптары мен балаларға арналған шағын орталық бар.
Білім ордасы барлық заманауи талаптарға сай жабдықталған және интернет желісі тартылған. Лабораториялар мен компьютерлік кабинеттер орнатылған.
Мектеп ұжымына аудан әкімі Махаббат Садуақасұлы Бигельдиевтің атынан түрлі-түсті теледидар сыйға тартылды.
Еске салсақ, бұған дейін Кербұлақ ауданына қарасты Қосағаш ауылында да су жаңа 80 орындық мектептің ашылған болатын.
Одан бөлек, 2020 ауданда "Ауыл - ел бесігі" бағдарламасы аясында Шаған ауылындағы Дутов атындағы орта мектепке, Талдыбұлақ ауылындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепке және Сарыбұлақ орта мектебіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Айта кетейік, ауданда барлық 52 жалпы орта білім беретін мектеп бар. Онда жалпы саны 8 мың 523 оқушы білім алуда.