«Таза Қазақстан» акциясының қорытындысы және Республика күніне арналған марафон
2025 жылғы 16 қазан күні Кербұлақ ауданында “Таза Қазақстан” акциясының қорытынды іс-шарасы ұйымдастырылды. Аталған шара барысында тазалық мәдениетін насихаттауда белсенділік танытқан үздік ауылдық округтер марапатталды. Іс-шараның рухани бөлігінде Ә. Сарыбаев атындағы аудандық мәдениет үйінің әншілері әсем әннен шашу шашып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Сонымен қатар, 25 қазан – Республика күніне орай жалпы аудандық марафон өткізілді. Марафон жеңімпаздары мен жүлдегерлері лайықты марапаттарға ие болды. Бұл шаралар елдік бірлікті, отансүйгіштік пен салауатты өмір салтын дәріптеуге бағытталды.