Іс-шара бөлім командирі подполковник Жасулан Абеков, офицерлер мен сержанттар және сарбаздар, сондай-ақ әскери қызметшілердің отбасылары қатысты.
Алдымен гарнизондық әскери оркестрінің сүйемелдеуімен Қазақстан Республикасының Гимн орындалып, Мемлекеттік туы желбіреп көкке көтерілді.
Салтанатты сап түзеуден кейін жеке құрамға Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің Бас қолбасшылығының құттықтау жеделхаттары оқылып, үздік әскери қызметшілерге алғыс хаттар мен марапаттар табыс етілді.
Сонымен қатар салтанатты рәсімде қызметтегі табандылығы мен қоғамдық белсенділігімен көзге түскен бірқатар әскери отбасыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді. Марапат иелері үшін бұл – тек құрмет қана емес, сонымен қатар отбасылық береке мен патриоттық тәрбиенің бағалануы болды.
Бөлім командирі өз сөзінде артиллерия әскерлерінің ел қорғанысындағы тарихи рөліне тоқталып, сарбаздардың кәсіби даярлығына жоғары баға берді. Ол жауынгерлердің жауынгерлік машығы мен әскери антқа адалдығы – мемлекеттің қауіпсіздігі мен тәуелсіздігінің кепілі екенін атап өтті.
Сондай-ақ әскери оркестрдің әуендері мен сарбаздардың шеру қадамы мерекелік шараның сәнін келтірді.
Зымыран әскерлері және артиллерия күні – батырлық дәстүрді ұлықтап, қазіргі буынның әскери борышқа деген жауапкершілігін арттыратын айрықша мереке болып табылады.
Сарыөзек гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы
подполковник Абзал Сартаев