Мемлекеттік Ата Заң - ел дамуының басты бағдары

Мемлекеттік Ата Заң - ел дамуының басты бағдары

Бекітілген іс-шаралар ағымдағы жылдың 3 қыркүйегі мен 13 қыркүйегі аралығында бірқатар мектептерде өтті.
«Сайлау жүйесі» тақырыбында бірқатар мектептерде жоғары сынып оқушыларымен диктант өткізілді. Диктант 10-11 сынып оқушылары арасында болды. Оқушылардың бұл диктантты жазудағы мақсаты: оқушыларға Қазақстан Республикасының Конституциясының мәні мен маңызын түсіндіру, сайлау жүйесі туралы білімдерін арттыру, азаматтық жауапкершілікке және демократиялық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.
Жастар және болашақ сайлаушылар арасында «Менің таңдауым – менің құқым» тақырыбында дебат өткізілді. Дебатқа 10-11 сынып оқушылары қатысып, белсенді болған болашақ сайлаушылар арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Жас және болашақ сайлаушылар үшін аудандық аумақтық сайлау комиссиясың төрағасы К. Шакарова бірқатар мектептердің оқушыларымен қонақ дәрісін өткізді. Дәрісте бүгінгі жастар – ертеңгі сайлаушылар, болашақ ел басқарушылар. Олардың құқықтық сауаты мен белсенді азаматтық ұстанымы – елдің демократиялық дамуындағы маңызды фактор. Конституциямыз – ел тәуелсіздігінің, тұрақтылығы мен тұтастығының берік тірегі. Осы бағытта біз жастармен белсенді жұмыс істеуді жалғастыра береміз - деп - айтып өтті.
Кербұлақ аудандық жастар ресурсы орталығының қатысуымен «Аудандық сайлау комиссиясына учаскелік сайлау комиссияның құжаттарын өткізу тәртібі» тақырыбында бейнеролик түсірілді. Бейнероликте құжаттарды қабылдау тәртібі рет - ретімен көрсетілді.
Кербұлақ аудандық аумақтық сайлау комииссиясының және учаскелік сайлау комиссияларының ұйымдастыруымен бірқатар мектеп оқушыларымен және Кербұлақ аудандық жастар ресурсы орталығының мамандарымен «Әрбір дауыс - ел дамуына үлес» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарда Сайлау – елдің болашағын айқындайтын басты қадам. Әр азаматтың дауыс беруі – оның ел алдындағы жауапкершілігінің көрінісі. Ал сіздер – болашақтың ғана емес, бүгінгі күннің де белсенді бөлігісіздер. Осы ретте жастардың сайлауға қатысуы, өз таңдауын жасауы қоғамның дамуына үлкен үлес қосатыны сөзсіз екені айтылды.

Кербұлақ аудандық өнер мектебінің оқушыларымен сайлау деген не, және қалай түсінетіні туралы өздерінің ойымен суреттер салып, жарыс өткізілді. Үздік болған суреттер бағаланды.
Жоғарыда аталған іс-шаралар жоғары деңгейде өтіп, жастардың қызығушылығын арттырды.
Мемлекетіміздің Ата Заңы – Қазақстан Республикасының Конституциясы халқымыздың теңдігі мен еркіндігін, құқықтары мен бостандықтарын айқындайтын басты құжат. 30 жылдық мерейтой – елдік мүдде, ұрпаққа үлгі боларлық маңызды тарихи белес!
Кербұлақ аудандықаумақтық сайлау комиссиясы.