2025 жылы облыс бойынша 83 балалар ойын алаңы мен спорт алаңдарын жаңадан салу және аббаттандыру жүргізілуде. Соның ішінде 58-і жаңадан салынып, 25-і ағымдағы жөндеуден өткізіледі. Бүгінгі күнге 25-інде құрылыс жұмыстары аяқталды, оның ішінде 7-уі – жаңадан салынған ойын алаңдары. Бұл шаралар «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында тұрғын үй аулаларын абаттандыру бағытында атқарылып отыр, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Атап айтқанда, Текелі қаласында 27, Талдықорған қаласында 21, Ақсу ауданында 20, Қаратал, Көксу аудандарында 5-тен, Кербұлақ ауданында 4, Сарқан ауданында 1 балалар және спорт алаңы абаттандырылуда.
Елді мекендердің тұрғындары балалар ойын және спорт алаңдары салынғанына ризашылық білдіруде.
- Текелідегі «Металлург» шағын ауданы Бөлтірік шешен көшесінде тұрып жатқаныма 30 жыл болды. Үйіміздің алдына жаңадан балалар ойын алаңы салынды. Кешкілік немерелерімді алып шығып ойнатамын, өзім де арнайы қойылған орындықтарда көрші-қолаңмен әңгіме-дүкен құрып отырамын. Сапалы жасалған, көңілім толды. Балалар да, біз де қуанып жатырмыз, - дейді текелілік тұрғын Қанат Сейсенбаев.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.