Кербұлақ ауданында Ветеринария қызметкерлері күні аталып өтті
2025 жылғы 11 шілдеде Кербұлақ ауданының Ә. Сарыбаев атындағы мәдениет үйінде Ветеринария қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Ауданымыздың ауыл шаруашылығы саласында елеулі үлес қосып жүрген ветеринар мамандарды кәсіби мерекелерімен аудан әкімі Қанат Болатұлы шын жүректен құттықтап, олардың қажырлы еңбегіне алғыс білдірді. Өз ісіне адал, қоғам денсаулығы мен мал шаруашылығының дамуына зор үлес қосып жүрген бірқатар қызметкерлерге Алғыс хаттар табысталды.
Салтанатты шара соңы мерекелік концертке ұласып, аудан өнерпаздары көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Концерт барысында ән мен жыр төгіліп, көпшілік көрермендер ерекше әсер алды.
Бұл мереке – ветеринария саласы мамандарының қоғамдағы маңызды орнын айқындай түсетін жарқын шаралардың бірі болды.