Медицина және мемлекеттік қызмет саласының кәсіби мерекесі аталып өтті

Медицина және мемлекеттік қызмет саласының кәсіби мерекесі аталып өтті

Ағымдағы жылдың 23 маусым күні Ә. Сарыбаев атындағы мәдениет үйінде  Медицина қызметкерлерінің күніне арналған «Абзал жандар» және «Мемлекеттік қызмет - абыройлы міндет» атты қызметкерлерінің кәсіби мерекесі атап өтілді Шара барысында. Денсаулық сақтау саласындағы жоғары кәсіби шеберлігі, науқастарға көрсеткен сапалы медициналық көмегі мен жауапкершілігі үшін аудан әкімінің алғыс хатымен бір қатар медицина қызметкерлері марапатталды.

Ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық өсіп-өркендеуіне және Мемлекеттік қызметте мінсіз қызмет атқарып, жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін бір қатар мемлекеттік қызметкерлер аудан әкімінің алғыс хатмен марапатталды.