
Жетісу облысы Кербұлақ ауданындағы Жоламан ауылында 254-ші "Ауыл құтқарушылары" ерікті өртке қарсы құрылымы ашылды. Жаңа бекет Жоламан, Сәмен ауылдарының, сондай-ақ Алтындала, Дала, Архарлы, Сайлы, Жоламан станцияларының тұрғындарын өрттен қорғауды қамтамасыз етеді. Құрылымының жауапкершілік аймағында 1740 адам тұрады.