Қазақ халқының ежелден келе жатқан мейрамы Наурыз - көктем мезгілінің жетіп, күн мен түннің теңеліп, табиғат-ананың оянатын уақытымен тұспа-тұс келеді.
Наурыз парсы тілінен аударғанда «Жаңа күн» дегенді білдіреді. Қазақтар бұл күнді Ұлыстың ұлы күні деп те атайды. Мерекенің басты тағамы - жеті түрлі қоспадан дайындалатын наурыз көже.
Наурыз - ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша күн мен түннің теңелуі кезіне келеді.
Наурыз мерекесі Жайнақ батыр ауылдық округінде жылдағы дәстүр бойынша атап өтілді. Ауыл тұрғындары көшелерге бөлініп дастархан жайды. Салт дәстүр, өнер және түрлі спорттық сайыстармен бақ сынасып орындарға лайықты сыйлықтар табысталды.
Жайнақ батыр әкімдігі келесі Наурыз мерекесін округі көлемінде бір ауылда тойлауды жоспарлап отыр.