Еліміз тәуелсіздік алғалы бері жылдарда мал шаруашылығы бір шама жыл тұралап қалған еді. Елбасының қолдауымен қазіргі таңда мал шаруашылығын қайта өркендету мақсатында түрлі мемлекеттік бағдарламалар іске асырылып, сол жобалар арқылы төрт түліктің санын көбейту мүмкін болуда. Оның ішінде, біздің де өңір өзінің белсенді істерімен танылуда.
Осыған орай округ әкімі Бақыт Рахимбеков округ бойынша есепте тұрған ірі шаруа қожалықтарды аралап, қысқы мал азығымен қамдану жұмыстарын бақылап, жиналған шөптің өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.