
02 сәуір күні ауыл аумағында малды ұйымдасқан түрде өріске шығару және қараусыз мал мәселесін реттеу мақсатында ауыл тұрғындарының қатысуымен жиналыс өтті.
Жиналыс барысында келесі мәселелер қаралды:
Мал бағу тәртібін сақтау
Қараусыз жүрген малдың алдын алу
Ортақ бақташы мәселесі
Мал иелерінің жауапкершілігін күшейту
Жиын қорытындысы бойынша тұрғындар тарапынан ұсыныстар айтылып, тиісті шешімдер қабылданды. Атап айтқанда, әкімдік, бақташы және мал иелері арасында үшжақты келісімшарт жасалынып, тараптардың міндеттері айқындалды