9 қазан дүниежүзілік пошта күні

9 қазан дүниежүзілік пошта күні
Құрметті пошта байланысы саласының қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Дүниежүзілік пошта күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Қоғам мен халықты байланыстыратын маңызды сала – пошта қызметі уақыт өте келе дамып, заманауи технологиялармен қатар ел игілігіне қызмет етіп келеді. Алысты жақындатып, ақпарат пен хат-хабар алмасуды үздіксіз қамтамасыз етіп отырған сіздердің еңбектеріңіз ерекше құрметке лайық.
Әрдайым жұмыстарыңыз табысты, халыққа көрсетілетін қызмет сапалы, ал ұжым ішіндегі ынтымақтастық берік болсын!
Сіздерге зор денсаулық, отбасы амандығын және еңбек жолдарыңызда толағай табыстар тілеймін!
Ізгі тілекпен, округ  әкімі  Марат Метербайұлы