Шанханай ауылдық округінде "Ана көрген тон пішер" сайысы өтті

Шанханай ауылдық округінде "Ана көрген тон пішер" сайысы өтті

Шанханай ауылдық округінің аналар кеңесінің төрайымы Ләззат Аязбайқызының ұйымдастыруымен "Ана көрген тон пішер" сайысы өтті.Сайысқа  анасымен қызы қатысты.Шанханай ауылынан 3 ,Қоянкөз ауылынан 3  қатысушыдан  қатысты.Сайыс 4 кезеңнен тұрды.1 кезең таныстыру,2 кезең салт-дәстүр бойынша қойылым,3 кезең ұмыт болған салт-дәстүр бойынша сұрақ жауап,4 кезең қол өнер.Сайыстың мақсаты: Ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрлерді жанғырту,отбасының маңыздылығы,анамен қыз арасындағы қарым қатынас және ананың қызға тәрбиесі жайлы.Жетісу облысының аналар төрайымы және ауданымыздың аналар төрайымдары келіп қатысты.Сайыс өте тартысты өтті.Қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды.