Шанханай ауылдық кітапханасында Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жыл толуына орай " Бала бол, басқа бол- бәріңе заң біреу " атты сұрақ жауап кеші өтті. Мақсаты: жас ұрпаққа Ата заңымыздың маңызын түсіндіру, құқықтық сауаттылықты арттыру.Әр азаматтың заң алдындағы теңдігін дәріптеу және патриоттық рухты қалыптастыру.