«Smart City» тұжырымдамасын іске асыру аясында «109 қызметі» бірыңғай байланыс орталығы жобасы Жетісу облысында 2022 жылдан бастап жұмыс істейді. Бұл – халық пен мемлекеттік органдар арасында коммуналдық және әлеуметтік сипаттағы мәселелер бойынша тәулік бойы тиімді байланыс орнататын заманауи платформа.
Байланыс орталығы бес негізгі арна бойынша қызмет көрсетеді: қысқа нөмір 109, https://zhetysu.komek109.kz/submit ресми порталы, Zhetysu 109 мобильді қосымшасы, WhatsApp пен Telegram мессенджерлері, сондай-ақ Instagram-дағы ресми парақша. Мұндай көпарналы жүйе барлық жас және цифрлық сауаттылық деңгейіндегі тұрғындар үшін қызметтің барынша қолжетімді болуын қамтамасыз етеді.