
Сарыөзек ауылдық округі бойынша 90, 95 және 98 жас аралығындағы тыл ардагерлерін округ әкімі Асқар Оңғарұлы Баядилов 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай арнайы барып құттықтады.
Ардагер аналарға ерекше құрмет көрсетіліп, арнайы алғыс хаттар ұсынылып, мерекелік сыйлықтар табысталды. Округ әкімі олардың ел дамуына қосқан еңбегі мен өмірлік тәжірибесін атап өтіп, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және отбасыларына амандық тіледі.
Бұл игі шара – аға буынға деген құрмет пен қамқорлықтың айқын көрінісі.