
Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және электрондық мемлекеттік қызметтерді дамытуды насихаттау мақсатында, Сарыөзек ауылдық округ тұрғындарына кең көлемде ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өткізілді.
Тұрғындар мамандардан кеңес алып, тұрғын үй, жер қатынастары, әлеуметтік қорғау және электронды үкімет (Egov) мәселелері бойынша көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алды.