Сарыөзек ауылында жедел жәрдем бөлімінің қосалқы станциясы ашылды

Сарыөзек ауылында жедел жәрдем бөлімінің қосалқы станциясы ашылды

Сарыөзек ауылында жедел жәрдем бөлімінің қосалқы станциясы ашылды.

Бүгін аудан әкімі Есболатов Қанат Болатұлы Сарыөзек ауылында ашылған облыстық жедел жәрдем бөлімінің қосалқы станциясының ашылу салтанатына қатысты. 85 млн теңгеге салынған заманауи нысан тұрғындарға сапалы әрі жедел көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Мұнда 4 жедел жәрдем бригадасы тәулік бойы қызмет атқарып, ауыл тұрғындарының денсаулығын қорғауға үлес қоспақ. Бұл – аудан халқының өмір сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам. Салтанатты шарада ауыл ақсақалы Досберген ата ақ батасын беріп, жаңа нысанның берекелі болуын тіледі. Жаңа жедел жәрдем бекеті — денсаулықтың қорғаны, амандықтың кепілі болмақ!