Құрметті ауыл тұрғындары және шаруа қожалықтарының басшылары!
2025 жылғы 1тамыз - 20 қазан аралығында Қазақстанда екінші ұлттық ауыл шаруашылығы санағы өтеді. 1-31 тамыз аралығы онлайн кезең. Барлық ауыл шаруашылығы өндірушілері sanaq.gov.kz сайтында сауалнамадан өз бетінше өте алады.
20 қыркүйек - 20 қазан офлайн кезең. ОНЛАЙН сауалнамадан өтпеген шаруа қожалықтарын интервьюрлер планшеттерді пайдалана отырып, үй-үйге барып сұрастырады.
Сіздерді ауылшаруашылық санағына толық атсалысуларыңызды сұраймыз!
Сарыөзек ауылдық округінің әкімдігі