Облыстық құлақтандыру жүйесін тексеру
Құрметті Жетісу облысының тұрғындары мен қонақтары!
2025 жылғы 24 шілдеде сағат 10:00-де, «Жер-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында және облыстық құлақтандыру жүйесін техникалық тексеру мақсатында өңір көлемінде электросиреналар іске қосылады.
Сіздерден сабыр сақтап, түсіністікпен қарауды сұраймыз.
Дабыл қосылған кездегі іс-қимыл ережелері
Қайдасыз? Не істеу керек?
Үйде:
* Радио немесе теледидарды қосыңыз.
* Жедел хабарды тыңдаңыз.
* Хабарламадағы нұсқауларды орындаңыз.
Көшеде:
* Дауыс ұлғайтқыштардан және жылжымалы хабарлау құралдарынан берілетін хабарды тыңдаңыз.
* Ресми нұсқауларға сәйкес әрекет етіңіз.