Бүгін, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында бекітілген учаскелерде сенбілік өткізілді.
Сенбілікке мемлекеттік мекемелердің, білім беру ұйымдарының қызметкерлері, барлық меншік нысанындағы ұйымдар қатысты. Осы сенбілік аясында саябақтардың шөбі жұлынып, қоқыстар тазаланды.
«Таза Қазақстан» акциясының басты мақсаты — халықтың назарын табиғаттың ластану проблемасына, қоршаған ортаны қорғауға, тазалықты сақтауға және қоғамның экологиялық мәдениетін қалыптастыруға аудару болып табылады.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, бәріміз бірге табиғатты қорғау жұмыстарына бірге атсалысайық!
Сарыөзек ауылдық округінің әкімдігі