
«Спорт – есірткіге қарсы» марафонында жүлделі орын иеленді
2026 жылғы 12 маусым күні Кербұлақ ауданында салауатты өмір салтын насихаттау және жастар арасында спортты дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған «Спорт – есірткіге қарсы» атты спорттық марафон өтті.
Аталған іс-шараға Сарыбұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының іс жүргізу жөніндегі бас маманы Әмірбай Нұржан Сламжанұлы қатысып, жоғары нәтиже көрсетті. Ол 18–24 жас аралығындағы ерлер арасында бақ сынап, ІІ орынға ие болды.
Әмірбай Нұржан Сламжанұлын жүлделі орнымен құттықтай отырып, алдағы уақытта да спорттық жарыстарда биік белестерді бағындыруына тілектестік білдіреміз. Оның жетістігі жастарды салауатты өмір салтын ұстануға және спортпен тұрақты айналысуға ынталандыратыны сөзсіз.