«AMANAT партиясы» Жетісу облыстық филиалының төрағасы Арын Арыстанғали Қадырұлының жұмыс сапары

«AMANAT партиясы» Жетісу облыстық филиалының төрағасы Арын Арыстанғали Қадырұлының жұмыс сапары

2026 жылғы 22 сәуірде Сарыбұлақ ауылдық округіне «AMANAT партиясы» Жетісу облыстық филиалының төрағасы Арын Арыстанғали Қадырұлы жұмыс сапарымен келді.

Жұмыс сапары барысында алдымен «Адал» шаруа қожалығында болып, ауылдың агроөнеркәсіптік әлеуетімен танысты. Арын Арыстанғали Қадырұлы жергілікті шаруалардың еңбегіне жоғары баға беріп, саланы одан әрі дамыту бағыттары бойынша ұсыныстарын жеткізді.

Сонымен қатар, Қазынсу ауылында орналасқан экологиялық барьер нысанын аралап, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жұмыстардың маңыздылығын атап өтті.

Сапар аясында Қарағаш ауылындағы мектептің акт залында тұрғындармен кездесу өткізіліп, онда азаматтардың сұрақтары тыңдалып, мемлекеттік бағдарламалар мен партияның негізгі бағыттары түсіндірілді. Кездесу барысында тұрғындардың белсенділігі шараның мазмұнды әрі нәтижелі өтуіне ықпал етті.

Арын Арыстанғали Қадырұлы өз сөзінде халықтың ұсыныс-пікірлерін ескеру және өзекті мәселелерді бірлесіп шешудің маңыздылығына тоқталды.

Аталған жұмыс сапары Сарыбұлақ ауылдық округі тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу жолындағы маңызды қадамдардың бірі болды.