Кербұлақ ауданының әкімі тұрғындармен кездесу өткізді

Кербұлақ ауданының әкімі тұрғындармен кездесу өткізді

2026 жылғы 14 сәуір күні Кербұлақ ауданының әкімі Жүнісбеков Жанат Төлегенұлы Сарыбұлақ ауылдық округіне қарасты елді мекен тұрғындарымен тұрақты кездесу өткізді. Кездесу барысында ауылдардың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар өзекті мәселелер көтеріліп, тұрғындар өз ұсыныстары мен сұрақтарын білдірді. Аудан әкімі және тиісті бөлім басшылары көтерілген мәселелер бойынша түсіндірме беріп, оларды кезең-кезеңімен шешу бағытында жұмыс жүргізілетінін атап өтті.

Кездесу барысында келесі мәселелер қаралды:

Шилісу ауылы бойынша:
Шилісу ауылында жүргізілген ауыз су жүйесінің құрылыс жұмыстарын толық аяқтау, атап айтқанда құдықтардың (колодецтердің) айналасын қайта бетондау, тегістеу және абаттандыру жұмыстарын жүргізу; елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз ету, газ тарату желілерін жүргізу және тұрғын үйлерді кезең-кезеңімен газ жүйесіне қосу; елді мекен аумағында мобильдік байланыстың жоқтығы; электр желілерінің тозуы және трансформатордың ескіруіне байланысты электрмен жабдықтау сапасының төмендеуі; сондай-ақ фельдшерлік-акушерлік пункт ғимаратының тозуына байланысты жаңа ғимарат салу қажеттілігі көтерілді.

Қарағаш ауылы бойынша:
Құм көшуіне байланысты елді мекеннің кіре беріс аумағына эко-барьер орнату; тұрғын үйлерді табиғи газ жүйесіне кезең-кезеңімен қосу; электр желілерінің тозуына байланысты жөндеу жұмыстарын жүргізу; балалар ойын алаңы мен спорттық алаңға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу; ауылшаруашылық мақсатта жер учаскесін беру мәселелері қаралды.

Қазынсу ауылы бойынша:
Елді мекенді ауыз сумен қамтамасыз ету үшін орталықтандырылған су жүйесін жүргізу мәселесі көтерілді.

Кездесу қорытындысы бойынша көтерілген барлық мәселелер тиісті салалық бөлімдер тарапынан зерделеніп, заңнама аясында кезең-кезеңімен шешу бойынша нақты жұмыстар атқарылатын болады.