Сарыбұлақ ауылдық округінде Наурыз мерекесі кең көлемде аталып өтті

Сарыбұлақ ауылдық округінде Наурыз мерекесі кең көлемде аталып өтті

2026 жылғы 21 наурыз күні Сарыбұлақ ауылдық округінде «Қарсы алайық ұлыстың ұлы күнін – тілейік еліміздің тыныштығын» атты мерекелік іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, кеңінен атап өтілді.

Аталған мерекелік шараға округ тұрғындары белсенді қатысып, ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрлер дәріптелді. Іс-шара барысында қазақ халқының дәстүрлі ойындары мен тағылымға толы рәсімдері көрініс тапты. Атап айтқанда, арқан тартыс, гир көтеру сайыстары ұйымдастырылып, қатысушылар өзара бақ сынасты. Сонымен қатар, «Үздік Наурыз көже» байқауы өтіп, ұлттық тағам дайындаудағы шеберлік жоғары деңгейде көрсетілді.

Мерекелік бағдарлама аясында қазақтың салт-дәстүрлерін насихаттайтын «Тұсау кесер», «Беташар», «Қыз ұзату» сынды тағылымды көріністер қойылып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.

Іс-шара соңында Сарыбұлақ ауылдық округінің әкімі белсенді қатысушылар мен жеңімпаздарды марапаттап, алғыс хаттар мен сыйлықтар табыстады.

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі ауыл тұрғындарының бірлігін нығайтып, татулық пен берекенің, жаңару мен жаңғырудың жарқын көрінісіне айналды.