
Құрметті Сарыбастау ауылдық округінің тұрғындары!
Үйлеріңізге табиғи газ қостыру үшін қажетті құжаттарды алдын ала дайындап, рәсімдеуге шақырамыз. 🏛️✅
Не істеу керек?
Меншік құқығын растайтын құжаттарды түгендеу;
Техникалық шарттарға өтінім беру;
Мамандардан кеңес алу.
Уақытты созбай, құжаттарды ертерек реттеңіздер. Толық ақпарат алу үшін ауылдық округ әкімдігіне хабарласуға болады. 🤝