
Іс-шара әйелдер қауымының қоғамдағы рөлін, олардың еңбекқорлығы мен даналығын дәріптеуге арналды. Салтанатты жиын барысында мекеме басшылығы құттықтау сөз сөйлеп, үздік қызметкерлерді алғыс хаттармен марапаттады. Мерекелік бағдарлама аясында нәзік жандылардың құрметіне арнап фуршет ұйымдастырылып, концерттік нөмірлер мен қызықты викториналар өткізілді. Әрбір аруға көктемнің символы — гүл шоқтары мен естелік сыйлықтар табысталды.