
Қызылжар ауылдық округінде көктемгі дала жұмыстары басталды.
Бүгінде округ аумағында ауыл шаруашылығы құрылымдары мен шаруа қожалықтары егіс науқанына белсенді түрде кірісіп, жер жырту, тұқым себу және егістік алқаптарын дайындау жұмыстарын жүргізуде. Көктемгі дала жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес ұйымдастырылып, қажетті ауыл шаруашылығы техникасы мен жанар-жағармай қоры толықтай қамтамасыз етілген.
Ауыл шаруашылығы саласының мамандары тарапынан агротехникалық талаптардың сақталуына ерекше көңіл бөлініп, барлық жұмыстар мерзімінде әрі сапалы орындалуда.
Қазіргі таңда көктемгі дала жұмыстары қалыпты жағдайда өтуде және жоспарланған көлемде жалғасуда.