Қоғалы ауылдық округіндегі үй кезегінде тұрған азаматтарға “Отбасы банк” өкілі Қанат Белесбайұлы тарапынан түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мұндай іс-шаралар тұрғындарға банк қызметтері, тұрғын үй бағдарламалары, несие алу шарттары және басқа да қаржылық мүмкіндіктер туралы ақпарат беру мақсатында ұйымдастырылады.