
2025 жылғы 22 шілде күні Күреңбел ауылында қуанышты оқиға орын алды – заманауи спорт алаңы мен балалар ойын алаңы салтанатты түрде ашылды. Бұл жобаның жүзеге асуы ауыл тұрғындары үшін үлкен сый болды.
Жаңа спорт алаңы жастар мен балалардың дене шынықтырумен айналысуына, бос уақыттарын тиімді өткізуіне зор мүмкіндік береді. Ал балалар ойын алаңы бүлдіршіндерге арналған қауіпсіз әрі көңілді ортаға айналды.
Салатанатты іс шараны Қоғалы ауылдық округі әкімінің орынбасары Т.Талғат және Кербұлақ ауданы спортты дамыту және спорттық іс шараларды өткізу филиалының басшысы М.Рамазанов ашты.