2025 жылдың 14 шілдесінде Қоғалы ауылында “СПОРТ-ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ” атты шағын футболдан 14-18 жас жасөспірімдер арасында аудандық жарыс өтті!
Жарысты Кербұлақ ауданы спортты дамыту және спорттық іс-шараларды өткізу филиалының басшысы М.Рамазанов құттықтау сөзбен ашты!
Кезекте Қоғалы ауылдық учаскелік полиция инспекторы полиция майоры И. Төлендіұлы ҚР заңдарының нашақорлық жайында баптарға тоқтала кетіп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі!
Қоғалы ауылдық округі әкімі:Б.Мәлікұлы сөз соңын “Есірткісіз болашақ” тақырыбына толық тоқтала кетті!
Жарысқа 10 команда қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша:
1 орын: Қоғалы ауылы 🥇
2 орын: Талдыбұлақ ауылы🥈
3 орын: Талдыбұлақ 2 командасы🥉 иеленді!