
Қаспан ауылдық округінде табиғи газ желісінің салтанатты ашылу рәсімі өткізілді. Аталған жоба ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсартуға, әлеуметтік жағдайын арттыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.
Іс-шара барысында ауыл ақсақалдары бата беріп, құрметті қонақтар сөз сөйлеп, көпшіліктің игілігіне арналған жобаның маңыздылығы атап өтілді.
Бұл игі бастама ауылдың одан әрі дамуына серпін беріп, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға өз үлесін қосады.