
Жиын барысында көктемгі дала жұмыстарын ұйымдастыру, егіс алқаптарын уақытылы игеру, суару мәселелері мен агротехникалық талаптарды сақтау жөнінде маңызды мәселелер қаралды. Сонымен қатар, тұқым, жанар-жағармай және техникамен қамтамасыз ету жайы талқыланып, тиісті сала мамандары тарапынан түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жиналыс қорытындысы бойынша шаруа қожалық иелеріне нақты тапсырмалар беріліп, егіс жұмыстарын белгіленген мерзімде әрі сапалы жүргізу қажеттігі атап өтілді.