
Мерекелік шара барысында ұлттық салт-дәстүрлер кеңінен дәріптеліп, әсем ән мен күмбірлеген күй шырқалды. Ауыл тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған бұл күн ерекше әсерге толы болды.
Ақсақалдарымыз ақ батасын беріп, жастар ұлттық ойындарға белсене қатысып, мерекенің сәнін кіргізді. Сонымен қатар, ақ дастархан жайылып, көпшілікке наурыз көже ұсынылды.
Осы игі шараның жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқан барша тұрғындарға, ұйымдастырушыларға және белсенді азаматтарға алғысымызды білдіреміз!
Бірлігіміз бекем болып, ауылымыз өркендей берсін!