Округ тұрғындарымен округ әкімі Сәрсенов Мұхит Несіпбайұлының тұрақты кездесу жиыны өтті

Округ тұрғындарымен округ әкімі Сәрсенов Мұхит Несіпбайұлының тұрақты кездесу жиыны өтті

Кездесу барысында округте жарияланған тазалық айлығы, жер жырту және көктемгі егіс жұмыстары, мал бағу мәдениетін арттыру, сондай-ақ округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылым саласында атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар жан-жақты талқыланды.
Сонымен қатар, тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, ұсыныс-пікірлер тыңдалды.
Жиынға қатысқан ауыл тұрғындары белсенділік танытып, ауылдың дамуына бейжай қарамайтындықтарын көрсетті.
Осындай кездесулер алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.