
Басши мәдениет үйінің ұйымдастыруымен "Басшылықтағы нық қадам" атты іскер әйелдермен кездесу кеші өтті.
Іс-шара барысында қоғамда өз орнын қалыптастырған, түрлі салада табысқа жеткен нәзік жандылар өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, жетістікке жету жолындағы қадамдары туралы ой қозғады. Кездесу ашық сұхбат форматында өтіп, қатысушылар көкейдегі сұрақтарын қойып, еркін пікір алмасты.
Шараның басты мақсаты – әйелдердің көшбасшылық қабілетін арттыру, кәсіпкерлікке ынталандыру және өз-өзіне деген сенімді нығайту.