«Ауған соғысының ақиқаты» атты тақырыпта көпшілік оқырмандармен интернационалист жауынгерлерді еске алу мақсатында кездесу кеші

«Ауған соғысының ақиқаты» атты тақырыпта көпшілік оқырмандармен интернационалист жауынгерлерді еске алу мақсатында кездесу кеші

Басши ауылдық кітапханасының кітапханашыларының ұйымдастыруымен «Ауған соғысының ақиқаты» атты тақырыпта көпшілік оқырмандармен интернационалист жауынгерлерді еске алу мақсатында кездесу кеші өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – Ауған соғысының тарихи шындығын жас ұрпаққа жеткізу, Ауғанстан жерінде шайқасқан солдаттар мен офицерлердің ерлігі мен батырлығын үлгі ету арқылы жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу. Сонымен қатар, соғыстың саяси мәселелерді шешудің тиімді жолы еместігі туралы түсінік қалыптастыру көзделді.
Кездесу барысында ардагерлердің ерлік жолы еске алынып, олардың Отан алдындағы борышын адал атқарғаны ерекше атап өтілді.