
1 маусым – *Халықаралық балаларды қорғау күнімен* шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл күн – бала күлкісімен, шаттығымен, қуанышымен ерекше.
Осы мерекеге орай округте мерекелік концерт ұйымдастырылып, түрлі спорттық ойындар өткізілді. Балаларға арналып көкөністерден фуршет дайындалды.
Сонымен қатар округ әкімі үш балабақшаның бүлдіршіндеріне балмұздақ үлестіріп, қуаныш сыйлады.
Бүлдіршіндердің жүзіндегі күлкі – біздің ең үлкен жетістігіміз!